«Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сінде 2020 жылдың 20-25 қаңтары аралығында "МЕН OFFLINE" республикалық кең ауқымды балалар акциясы шеңберінде апталық іс-шаралар өтті.

20.01. Апта басы ғаламторсыз өтетін Халықаралық бір күнге арналған лездеме өткізуден басталды. Лездемеде оқушыларға осы күннің мақсаты айтылып, жыл сайын қаңтар айының әр соңғы жексенбісі осы күннің аталып өтілетіні айтылды. Апталық іс-шаралар жоспары таныстырылды.

21.01. 5-11 сынып оқушылары арасында «Мен оффлайн» атты эсселер байқауы ұйымдастырылды. Үздік эсселер авторлары марапатталып, аудандық білім бөліміне жолданды.

 

22.01. Халықаралық «26 қаңтар – Ғаламторсыз бір күн» болып атап өтілуіне орай жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында келелі мәселелер айтылып, әлеуметтік желінің оқушылар мен жастар үшін пайдасы мен зияны талқыланды.

 

23.01. 1-4 cыныптар арасында «Бір күнімді ғаламторсыз қалай өткіздім?» атты суреттер және қабырға газеттер байқауы ұйымдастырылды. Үздік шыққан туындылар көрмеге қойылып, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.

 

24.01. Спорттық сайыстар (тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, командалық ойындар т.б.), өнер және қолөнер туындыларының көрмесі өтті. Бұл күнді барлық мектеп педагогтары мен қызметкерлері және оқушылары «Ғаламторсыз күн» ретінде бірауыздан атап өтті. Шынайы қарым-қатынас пен шынайы өмір сүру құндылықтары насихатталып, барлық қатысушылар сүйікті істерімен (хобби) айналысты.

  

25.01. Спорттық сайыстар жеңімпаздары, өнер туындыларынан көрме ұйымдастырған оқушылар марапатталды. ХХІ ғасырдың басты мәселесі әлеуметтік желілердің зияны, дұрыс пайдаланбаған жағдайда адам баласына тигізетін кері әсері туралы бейнеролик тамашаланды. Ағымдағы  жылы ғаламторсыз бір күн 26 қаңтар күніне түсіп тұрғандықтан, бұл күні жанымызға жақын істермен айналысу терең насихатталды.

 

 

28.01. «Мен Offline» республикалық кең ауқымды акциясын іске асыру бағытында атқарылған жұмыстар қорытындысы (фотоесеп), оқушылардың жұмысы балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Facebook желісіндегі ресми парақшасына (https://www.facebook.com/bala.edu.gov.kz), мектептің ресми парақшасына (http://kurmangazy.kurmangazy-bb.kz/kz) орналастырылып, білім бөліміне ақпарат жолданды.

 

Мектеп директоры м.а:                            Ш.Кабиев.

 ДТО:                            Н.Шамшединов.