КӨШІРМЕ

 

Хаттама №2

 

31.05.2019 ж. күні «Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сінде «ашық есік» күні аясында қоғамдық қабылдау болып өтті.

Қатысушылар саны – 24.

Жиналыс төрағасы – Сагынгалиев Уалихан, мектеп директоры.

Жиналыс хатшысы – Шамшединов Нурсаулет, ДТО.

 

Күн тәртібінде:

 

  1. «Ашық есік» күні туралы түсінік беру, мекеме басшылығының кезекті қоғамдық қабылдаулар өткізуі туралы.

 

Тыңдалды:

 

Мектеп директоры У.Сагынгалиев әр айдың жұма күндері өтетін «ашық есік» күні туралы тағы бір мәрте мағлұмат бере отырып, Атырау облысы әкімі аппаратының 2019 жылдың 28 мамырдағы №01-22-2/3920 шығыс хаты мазмұнын және аудандық білім бөлімінің 2019 жылдың 29 мамырындағы №08-04-01-1/944 санды хаты мазмұнын таныстырды. Шешімін тапқан және шешімін таппаған мәселелерді қорытындылап, қоғамдық қабылдаулар өткізді. 

 

Жиналыс соңы мекеме басшысының жекелеген тұлғаларды қоғамдық қабылдауына ұласты. Қабылдауда болған тұлғалар саны – 2.

 

Қабылданушылардың сауалдары толық қанағаттандырылып, төмендегі мәселелер шешімін тапты:

  • Мектеп формасын қатаң сақтау мәселесі, балалардың қауіпті жерлерде ойнамауын ата-аналардың қатаң қадағалауы;
  • Егер жұмыс мүмкіндігі болып жатса көп балалы жанұя анасы санатына жататын азаматша Кажмурина К. жұмысқа қабылдау.

 

 

Жиналыс төрағасы:                        У.Сагынгалиев.

 

Жиналыс хатшысы:                        Н.Шамшединов.

 

 

31.05.2019 ж.

«Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебі» КММ-сінде өткізілген «ашық есік» күні.